KAZ Minerals Aktogay
Аймақтар • 10 Ақпан, 2025
Кәсіпорын тас жолды қардан тазалауға қолдау көрсетті
Қаңтардың ортасынан бастап Абай облысында қыс қаһарына мініп, бір жағынан сақылдаған аяз қысып, екінші жағынан ақтүтек боранның басталғаны аймақ халқына ауырлық салғаны анық. Жергілікті билік орындары бақылауды қолына алып барынша облыс жұртшылығына жағдай жасауға күш салып келеді. Мұндай шаралардан өңірдегі ірі кәсіпорындар да тыс қалмай иелігіндегі техниканы ел игілігіне жұмсау үшін табиғаттың тосын мінезімен күресіп, көпшілік іске бел шешіп кірісті.