Investbanq
Экономика • 30 Желтоқсан, 2025
Қазақстандағы мыс жобасына ірі инвестиция тартылды
Astana Hub қатысушысы, Сингапурда тіркелген қазақстандық Investbanq компаниясы капиталды басқаруға арналған AI-платформасымен танылғанымен, бұл жолы өзін нақты ірі мәміленің қаржылық әрі инвестициялық кеңесшісі ретінде көрсетті. Компания Қазақстандағы мыс жобасына қытайлық Lygend Resources & Technology Co., Ltd. корпорациясын стратегиялық инвестор ретінде тартып, Verum Mining-пен бірге бірлескен кәсіпорын құруға және қазақстандық тараптың үлесін сақтай отырып инвестициялық құрылымды қалыптастыруға атсалысты. Алғашқы кезеңі 125 млн АҚШ долларына бағаланған келісім жергілікті бастама мен жаһандық капиталдың тоғысқанын ғана емес, қазақстандық бизнестің бақылау мен стратегиялық ұстанымды сақтай отырып халықаралық инвестицияны тарта алатынын да аңғартты, деп хабарлайды Egemen.kz.