IT-мамандарын тарту
Қазақстан • 22 Шілде, 2025
Жоғары білікті IT-мамандарын тарту үшін бағдарламалар іске қосылған
Бүгін Үкімет отырысы барысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев жоғары білікті IT-мамандары үшін Қазақстанның тартымдылығын арттыру және олардың еліміздің экожүйесіне интеграциялануы үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында Digital Nomad Residence және Digital Nomad Visa бағдарламалары іске қосылғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.