Burger King
Қоғам • Бүгін, 09:53
«Burger King-тегі» дау: Еңбек министрлігі тексеруді бастады
Аутизм спектрінің бұзылысы бар жас қызметкерге қатысты жағдай қоғам назарын аударды. Burger King Kazakhstan мейрамханалар желісінде жұмыс істеген Әлібек Қаратайдың анасы ұлына жұмыс орнында қысым көрсетілгенін айтып, бұл жайтты ашық көтерді. Оның айтуынша, шамамен төрт жыл бойы аспаз болып еңбек еткен жас жігіт соңғы уақытта қалыптасқан ахуалдың салдарынан жұмыстан кетуге мәжбүр болған, деп жазады Egemen.kz.