BaiQymyz – бапталған қымыз
Мәдениет • 21 Шілде, 2025
Ұлт ділінің дәмі бір жұтым қымызда. Көшпелі өркениеттің әбілхаят сусыны қадым заманғы қазақтың тектік жадын тірілтіп, рухани дүниетанымын қалыптастырып келеді. Күбідегі күрп-күрп пісілген қымыздың дыбысы дала қазағының өмір ырғағы, көңіл ымбалы іспеттес. Міне, осы асыл дәстүрді заманауи қоғаммен сабақтастырып, баба сусынын бүгінгі ұрпаққа қайта танытқан тағылымды іс-шара – Астанада өткен «BaiQymyz – бапталған қымыз» гастрофестивалі болды.