Almaty Series Festival
Кино • 24 Қыркүйек, 2025
Алматыда сериал фестивалі ашылды
Алматыда Орталық Азиядағы тұңғыш индустриялық сериалдар фестивалі – Almaty Series Festival өз шымылдығын ашты. Алғашқы көрсетілімде отандық «Қазақтың қорқынышты ертегілері» атты туындының үш сериясы ұсынылды. Dark fantasy жанрындағы бұл жоба – қазақстандық кинематографияда теңдесі жоқ еңбек. Фильмнің әлемдік премьерасы Канададағы Fantasia International Film Festival аясында өтіп, халықаралық сыншылардан жоғары баға алған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.