ALATAU 2025
Спорт • 02 Шілде, 2025
Валерий Жұмаділов: «Тарихи отаным – Қазақстанның атынан жарысқа қатысамын»
6–8 шілде күндері Алматы қаласында жеңіл атлетикадан ALATAU 2025 халықаралық турнирі өтеді. Бұл Орталық Азия кеңістігіндегі Masters (35+) және әуесқойлар (18–34 жас) санатындағы спортшыларға арналған алғашқы ірі жарыс болмақ. Әртүрлі елдерден, жастан, ұлттан жиналған жүздеген спортшы үшін бұл нағыз спорт мерекесіне айналмақ. Осы турнирге қатысатын ең шабыттандырарлық тұлғалардың бірі 64 жастағы Валерий Жұмаділов. Ол жүгірумен 50 жасында ғана айналыса бастаған, ал бүгінде жеті елдің чемпионы, Еуропа вице-чемпионы және өзінің жас санатындағы әлемдегі ең мықты спринтерлердің бірі саналады. Біз турнир қарсаңында Валерий Жұмаділовпен оның өмір жолы, отанға деген сүйіспеншілігі мен рухының мықтылығы туралы әңгімелестік. Бұл оқиға Қазақстан халқы Ассамблеясының құндылықтары - спорт, мәдениетке құрмет және адамдарды біріктіру идеясын шынайы өмірде қалай жүзеге асыруға болатынына жарқын дәлел.