85 мың гектар
Қоғам • 20 Маусым, 2025
Елімізде суару қондырғыларын шығаратын төрт зауыт бар
2024 жылы ел бойынша шамамен 158 мың гектар жерге (оның 130 мың гектары оңтүстік өңірлерге тиесілі) су үнемдеу технологиялары енгізілген. Ал биылғы жыл басталғалы бері 85 мың гектар (оның ішінде оңтүстік өңірлерде 59 мың гектарға жуық) жерге су үнемдеу технологиялары орнатылып, оның ішінде 15,5 мың гектарға жаңбырлатып суару және 29,4 мың гектарға тамшылатып суару жүйелері қолданылған, ал 14,1 мың гектар жер лазерлік құрылғымен тегістелген, деп хабарлайды Egemen.kz.