7 жүлде
Күрес • Бүгін, 18:58
Балуандарымыз Бішкектегі Азия чемпионатында жеті жүлде алды
Күрес түрлерінен Бішкекте өткен Азия чемпионаты мәреге жетті. Биыл күзде Жапонияда алауы тұтанатын жазғы Азия ойындары мен Бахрейнде жалауы желбірейтін әлем чемпионатына тыңғылықты даярланып жатқан Қазақстанның ұлттық командасы Қырғызстанға қосалқы құрамдағы балуандарын жіберді. Бірақ ізбассарлар бұл «майданға» дайын болмай шықты. Күрестің үш түрі бойынша 30 жерлесіміз күш сынасқанымен, солардың жетуі ғана жеңіс тұғырына көтерілді. Қалған спортшымыз елге еңселері түсіп оралды, деп жазады Egemen.kz.