5573 әскери бөлімі
Айбын • 02 Желтоқсан, 2025
Ұланның 5573 әскери бөліміне жас сарбаздардың жаңа легі қосылды
Биылғы қысқы шақырылым шеңберінде елдің түкпір-түкпірінен әскери борышын өтеуге келген өрендер әскери бөлім аумағына салтанатты түрде жеткізілді. 10 өңірден келген жас сарбаздар тіркеуден өтіп, бастапқы құжаттық рәсімдеулерін аяқтады. Бұл – Ақмола, Қостанай, Қызылорда, Ақтөбе, Алматы, Түркістан, Жетісу, Павлодар, Абай, Қарағанды облыстарынан келген жас толқын, деп жазады Egemen.kz.