30 техника
Аймақтар • 27 Маусым, 2025
«Қазсушар» РМК филиалдарының біріне 30 техника берілді
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Сондай-ақ суару маусымының барысымен және министрлік жүзеге асырып жатқан жобалардың іске асырылуымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz сала ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.