181 мың
Қоғам • 12 Мамыр, 2025
181 мың адам Skills Enbek платформасында оқыған
Биылғы жыл басынан бері 181 мың азамат, оның ішінде 34,4 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында (бұдан әрі - Платформа) онлайн-курстардан өткені туралы сертификаттар алған. Платформада барлығы 712,5 мың отандасымыз тіркелген, оның 213,8 мыңы – 2025 жылы тіркелді. Бұл ретте платформа жұмысының барлық кезеңінде 591,9 мың адам оқудан өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.