1 500 жауынгер
Айбын • 06 Қараша, 2025
Десант әскері қатарына 1 500 жауынгер қосылды
Қарулы күштердің элиталық бөлімдерінде күзгі әскерге шақыру науқаны аяқталды. Алматы, Қонаев, Талдықорған қалаларында орналасқан Десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрамалары мен әскери бөлімдеріне 1500-ден астам жас жауынгер келіп қосылды. Алғашқы күннен бастап оларға бейімделу кезеңіне арналған кешенді іс-шаралар өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.