өрт оқиғалыры
Оқиға • 26 Желтоқсан, 2025
2025 жылы ел аумағында қандай алапат өрт оқиғалары тіркелді?
Төтенше жағдайлар министрлігінің сәуір айында жариялаған мәліметінше, 2024–2025 жылдардағы жылыту кезеңінде ел аумағында 4 041 өрт оқиғасы тіркелген. Құтқарушылар қызыл жалыннан 416 адамды құтқарса, 187 азамат мерт болған. Ал 162 адам әртүрлі дәрежеде күйік алып, ыстан уланған. Күн сайын ТЖМ бөлімшелері 100-ден 150-ге дейін әр түрлі сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға, оның басым бөлігінде өрт сөндіруге шығады. Сан дерек сөйлеп тұрғандай, елімізде өрт оқиғалары жиі тіркеледі. Жоғарыда атап өткеніміздей өрт салдарынан азаматтар өмірмен қош айтысып жатыр. 2025 жыл аяқталуға таяған тұста биыл тіркелген ауқымды өрт фактілерін еске саламыз, деп жазады Egemen.kz.