өнеркәсіп өндірісі
Экономика • 19 Маусым, 2025
Өнеркәсіп өндірісінің бес айдағы жетістігі
2025 жылдың қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 6,4%-ға өсті, тау-кен өнеркәсібінде 7,8%-ға және өңдеу өнеркәсібінде 6%-ға артты. Өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларында оң динамика байқалады: қара металургияда (+3,4%), машина жасауда (+10,5%), тамақ өнімдерін шығаруда (+10,5%), мұнай өңдеуде (+11,3%), химия өнеркәсібінде (+9,9%), құрылыс материалдарын өндіруде (+10,3%), резеңке және пластмасса бұйымдарында (+4,8%), дайын металл бұйымдарында, машиналар мен жабдықтардан басқа (+17,5%), жеңіл өнеркәсіпте (+2,7%) және жиһаз өндірісінде (+6,8%), деп хабарлайды Egemen.kz Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.