өмірдің мәні
Руханият • 11 Наурыз, 2025
Шындықтың басты категориясы – тұрақтылық. Оны уақыттың не мекеннің өлшеміне сыйғызу мүмкін емес. Себебі уақыт та, мекен де тұрлаусыз ұғымдар. Бұдан жүз жыл бұрынғы таным-түсініктің қазіргі сәтте өзекті болмай қалып жататыны сондықтан. Шәкәрім қажы бұларды ысырып тастап, яғни бұрынғы шынды, бүгінгі шынды, ертеңгі шынды қабыл алмай, ешқшан бұзылмайтын, өзгермейтін «шынды» көксейді. Ал енді ойланып көрейік, бұл қандай «шын» болуы мүмкін?