Өндірістік жарақаттану
ЖОЛДАУ • 02 Қыркүйек, 2025
Биыл өндірісте жарақат алғандар саны 11%-ға төмендеді
Қазақстанда азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау бағытында мемлекеттік бақылау жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Есепті кезеңде мемлекеттік еңбек инспекциясы 3 514 тексеру ұйымдастырып, 4 132 құқық бұзушылықты анықтады. Нәтижесінде 2 287 нұсқама беріліп, 277 млн теңгеден астам айыппұл салынған, деп хабарлайды Egemen.kz.