әл ауқат
Қоғам • 15 Маусым, 2026
Ел тұрғындарының әл-ауқаты артты ма? Ғалымдар не дейді?
Соңғы онжылдықта кедейлік мәселесі әлемдік экономикалық ғылымдағы ең өзекті тақырыптардың біріне айналды. Бұрын кедейлік негізінен табыстың жеткіліксіздігімен байланысты болса, бүгінде ол әлдеқайда күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде қарастырылады. Заманауи зерттеулер адамның әл-ауқаты тек табыс көлемімен ғана емес, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызметтер, цифрлық технологиялар мен қоғамдық өмірге толыққанды қатысу мүмкіндіктерімен де анықталатынын көрсетеді, деп жазады Egemen.kz.