әйел кәсіпкер
Алматы • 14 Шілде, 2025
Әйел кәсіпкерлерге арналған She’s Next хакатонына тіркеу басталды
Цифрлық төлемдер индустриясының жаһандық көшбасшысы Visa компаниясы Reinvantage ұйымымен бірлесіп, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропа, Орталық Азия мен Кавказ елдеріндегі әйелдерге арналған алғашқы She’s Next хакатонын іске қосты. Бұл бастамаға Қазақстан да қосылып отыр. Visa компаниясының She’s Next, Empowered by Visa жаһандық бастамасы аясында ұйымдастырылып отырған хакатон әйел кәсіпкерлерге арнайы оқыту курсынан өтіп, 20 шақты сарапшыдан тәлім алуға, өз бизнесін танымал ете отырып, жүлде қоры 20 000 АҚШ долларлық байқауға қатысуға жол ашады, деп хабарлайды Egemen.kz.