Әзілхан Нұршайықов
Әдебиет • 12 Қараша, 2025
Шығармашылық зертхана: Әзілхан әлемі
Шығармашылық әлем – күрделі де қызық құбылыс. Әр қаламгердің шығармасы қандай ерекше болса, оны жазу үдерісі де сондай ерекше. Айталық, Бальзак пен Достаевский түнде жазса, Толстой таңғы уақытты құп көрген. Хемингуэй шығармашылық жұмыспен тізе бүкпей, түрегеп тұрып айналысса, біздің ақын Ғалым Жайлыбай өлеңдерін етпетінен жатып жазғанды ұнатады. Мұндай ерекшелік жазушы Әзілхан Нұршайықовта жетерлік. Үшбу мақаламызда қаламгердің хаттары мен естеліктеріне сүйеніп, оның көркемдік кеңістігіне ұмтылдық. «Оның қаламгер болуына не әсер етті?», «кейіпкерлердің образын қайдан алды?», «оларды қандай жағдайда қағазға түсірді?» деген сауалдарға жауап іздеп көрдік.
Әдебиет • 20 Сәуір, 2023
«Махаббат, қызық мол жылдарды» Әзілхан Нұршайықовтан бұрын кім жазған?
«Махаббат, қызық мол жылдар» – Әзілхан Нұршайықовтың оқырмандар арасындағы аса оқылымды туындысы. Бірақ ең алғаш Ербол мен Меңтайдың трагедияға толы махаббат хикаясын Мұқан Иманжанов «Есеновтің тағдыры» әңгімесіне арқау еткен. Оның шығармасы 1955 жылы жарияланған. Ал Әзілхан Нұршайықовтың романы 1970 жылы жарық көрді.