ұшақ апаты
Төтенше жағдай • 27 Желтоқсан, 2025
Ресейде Ақтау маңында құлаған AZAL ұшағына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Ресей Федерациясында Ақтау маңында құлаған AZAL әуе компаниясының ұшағына қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл шешімге Әзербайжан тарапы қатаң реакция білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Желтоқсан, 2025
Ақтау маңында құлаған ұшақ оқиғасына 1 жыл: Министрлік тексеріс нәтижелерін жария етті
Былтыр дәл осы күні Грозныйға бет алған азербайжандық AZAL компаниясына тиесілі Embraer 190 жолаушылар ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшырады. Әуе апатынан 38 адам көз жұмып, 29 жолаушы жарақат алған еді. Сол уақыттан бері апаттың себебін анықтау мақсатында тергеу жүріп жатыр. Бүгін еліміздің Көлік министрлігі тергеудің аралық қорытындысын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 24 Желтоқсан, 2025
Түркияда Ливия ұшағы апатқа ұшырады
Түркияда Ливия Қарулы күштері Бас штабының бастығы Мохаммед Али Ахмед Аль-Хаддад мінген жеке бизнес-джет апатқа ұшырады. Falcon 50 үлгісіндегі ұшақ Анкара маңында радардан жоғалып кеткен. Бұл туралы Түркияның бұқаралық ақпарат құралдары мәлім қылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 19 Желтоқсан, 2025
«Салонда спортшылар болған»: АҚШ-та ұшақ апатқа ұшырады
Оқиға АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында болған. Стейтсвилл әуежайында қону кезінде Cessna C550 жеңіл ұшағы апатқа ұшыраған. Салдарынан бірнеше адам қаза тапқан, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 12 Қараша, 2025
Түркия Қорғаныс министрлігі 20 әскери қызметшінің қаза тапқанын растады
Кеше Грузияда Түркияның C-130 қарулы күштері ұшағы апатқа ұшырады. Түркия Қорғаныс министрлігі қаза болғандардың тізімін жариялап, бортта болған 20 әскери қызметшінің қаза тапқанын растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 05 Қараша, 2025
2019 жылы әуе апатынан қаза тапқан Bek Air ұшқыштарына сот үкімі шықты
Алматы қаласының Түрксіб аудандық соты 2019 жылы орын алған Bek Air әуе апатына қатысты қылмыстық істің үкімін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 05 Қараша, 2025
АҚШ-та ұшақ апатынан 7 адам қаза тапты
АҚШ-тың Кентукки штатында UPS авиакомпаниясына тиесілі McDonnell Douglas MD-11F жүк ұшағы Луисвилл қаласындағы Мұхаммед Әли атындағы халықаралық әуежайдан көтерілген соң көп ұзамай апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан жеті адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 29 Қазан, 2025
Кенияда ұшақ апатынан 11 адам қаза тапты
Кенияда шетелдік туристерді тасымалдаған Mombasa Air Safari компаниясына тиесілі шағын ұшақ апатқа ұшырады. Агенттік мәліметінше, әуе апаты салдарынан ұшақ бортында болған барлық 11 адам қаза тапқан. Олардың ішінде бір кениялық ұшқыш, сегіз Венгрия және екі Германия азаматы болған, деп хабарлайды Egemen.kz Euronews-ке сілтеме жасап.
Президент • 24 Шілде, 2025
Қ.Тоқаев Ресей Президентіне көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амур облысындағы ұшақ апатына байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айтты, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 14 Шілде, 2025
Ұлыбританияда ұшақ апатқа ұшырады
Ұлыбританияның Саутэнд әуежайында Нидерландқа бағыт алған Beech B200 Super King Air ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Оқиға • 23 Маусым, 2025
Астана маңында апатқа ұшыраған ұшақ кімге тиесілі
Астана маңындағы Жоламан аэродромында апатқа ұшыраған жеңіл моторлы ұшақ «Авиациялық оқу орталығының» меншігі емес. Бұл туралы орталықтың баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 16 Маусым, 2025
Үндістанда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігі табылды
Үндістаннан Лондонға бағыт алған Air India AI171 ұшағының ұшу мәліметтерін жазу құрылғысы мен ұшқыштар кабинасындағы әңгімелерді жазатын құрылғы табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 13 Маусым, 2025
Үндістандағы ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 294-ке жетті
Үндістанда орын алған ауыр әуе апаты салдарынан 294 адам қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 12 Маусым, 2025
Президент Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Ахмедабад қаласы әуежайының маңында болған жолаушылар ұшағы апатынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 09 Маусым, 2025
Теннеси штатында ұшақ апатқа ұшырады
АҚШ-тың Теннесси штатында 20 адам отырған екі моторлы жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz ABC News-ке сілтеме жасап.
Әлем • 25 Сәуір, 2025
Таиландта ұшақ теңізге құлап, бес адам қаза тапты
Әуе апаты жұма күні таңертең Хуа Хин әуежайының маңында болды, деп хабарлайды Egemen.kz Bangkok Post басылымына сілтеме жасап.
Әлем • 15 Сәуір, 2025
Ұшақ апатының құрбандарына ескерткіш орнатылды
Әзербайжанда Ақтау маңындағы ұшақ апатының құрбандарына арналып ескерткіш қойылды. Сондай-ақ, апат кезінде ерлік танытқан бортсеріктің бюсті әзірленіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 11 Сәуір, 2025
Нью-Йоркте тікұшақ апатынан алты адам қаза тапты
Нью-Йорк қаласының көрікті жерлерін аралау кезінде тікұшақ Гудзон өзеніне құлап, бір отбасы мен ұшқыш қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz The New York Times басылымына сілтеме жасап.
Оқиға • 06 Наурыз, 2025
Ақтаудағы ұшақ апатының қорытынды есебі жыл соңына дейін жарияланады
Вице-премьер Қанат Бозымбаев ИКАО-ның Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының директоры Николя Ралломен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 20 Ақпан, 2025
Марана әуежайының үстінде екі ұшақ соқтығысты
Әуедегі ұшақтардың соқтығысуы салдарынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 04 Ақпан, 2025
Вашингтондағы ұшақ апаты: 55 адамның жеке басы анықталды
Вашингтондағы Рейган ұлттық әуежайы маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккен 67 адамның 55-нің жеке басы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz 6abc-ке сілтеме жасап.
Әлем • 30 Қаңтар, 2025
American Eagle ұшағы Рональд Рейган әуежайының маңында әскери тікұшақпен соқтығысқаннан кейін Потомак өзеніне құлаған. Аталған оқиғаға қатысты әуежай рейстерді уақытша тоқтатқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2025
Ақтаудағы ұшақ апатының қорытындысы келесі аптада жариялануы мүмкін
Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Қаңтар, 2025
Ұшақ апаты: Астанаға «қара жәшіктен» алынған материалдар жеткізіледі
Бұл туралы Көлік министрлігі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 06 Қаңтар, 2025
Ильхам Әлиев ұшақ апатына айыптыларды жазалауды талап етті
Бұл туралы Әзербайжан Президенті ұшақ апатынан қаза тапқан экипаж мүшелерінің отбасыларымен және аман қалған стюардессалармен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz АЗЕРТАДЖ-ға сілтеме жасап.
Әскер • 05 Қаңтар, 2025
Әуе апатында зардап шеккендерді құтқарған әскери қызметші «Айбын» орденімен марапатталды
Мемлекет басшысының Жарлығымен төтенше жағдай кезінде шешуші әрекетке барғаны үшін Қорғаныс министрлігі 30153 әскери бөлімінің алыс радиомаркер пункті бөлімшесінің бастығы Нұрлан Ботағарин Рахымжан Қошқарбаев атындағы III дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.
Марапат • 05 Қаңтар, 2025
Ақтаудағы ұшақ апаты: 10 құтқарушыға мемлекеттік награда табысталды
Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 10 құтқарушысына Ақтау қаласындағы ұшақ апатының салдарын жою кезінде көрсеткен кәсібилігі, батылдығы мен жанқиярлығы үшін мемлекеттік наградалар табыс етілді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 05 Қаңтар, 2025
Ақтау маңында құлаған ұшақтың эксклюзивті суреттері жарияланды
Әзербайжанның AnewZ телеарнасы Ақтау қаласының маңында құлаған ұшақтың апаттан кейінгі суреттерін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2024
Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалған жолаушылар елдеріне жеткізілді - министрлік
Ақтау маңында болған ұшақ апатынан зардап шеккен 29 адамның барлығы елдеріне жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2024
Ұшақ апаты: аман қалған екі қырғызстандық еліне оралады
Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккен екі Қырғызстан азаматы 30 желтоқсан күні Отанына оралады, деп хабарлайды Egemen.kz 24.kg-ке сілтеме жасап.