ұлттық стандарт
Қоғам • 07 Қараша, 2025
Елді мекендерде алғаш рет: Көктайғаққа қарсы материалдардың ұлттық стандарты әзірленді
«Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» (ҚазжолҒЗИ) алғаш рет елді мекендер аумағында қолданылатын көктайғаққа қарсы материалдарға (КҚМ) қойылатын талаптарды айқындайтын ұлттық стандарт әзірленді. Құжаттың мақсаты жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыру және қыс мезгілінде реагенттердің қоршаған ортаға тигізетін теріс әсерін азайту, деп хабарлайды Egemen.kz.