Ұлттық мереке
Республика күні • 24 Қазан, 2025
Қайта оралған ұлы күн – нағыз ұлттық мереке
1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды, биыл оған 35 жыл. Ақжолтай құжат – еліміздің Тәуелсіздік алуына жол ашты. Халқымыз егемендікке бастайтын жолды ұзақ жылдар бойы жүріп өтті. Зиялылар ұлт санасын сақтау үшін қолдарынан келгеннің бәрін жасады. Бостандыққа ұмтылыс Желтоқсан оқиғасында айқын көрінді. Декларация – халқымыздың ұзақ жылғы күресінің нәтижесі. Бұл – қазақтың сан ғасырлық мемлекеттілік дәстүрі жаңғырып, азаттық үшін күрескен бабалар арманы ақиқатқа айналған күн, сол себепті баға жетпес құбылыс іспетті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 02 Маусым, 2024
Мемлекет басшысы Италия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Серджо Маттарелланы және Италия халқын осы елдің Ұлттық мерекесі – Республика күнімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Республика күні • 24 Қазан, 2023
Қайрат Байбосыновқа Ұлытау облысының құрметті азаматы атағы берілді
Қасиетті өлкеде туып-өсіп, туған жері мен еліміздің өркендеуіне сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар тұлғаларға ұлттық мереке Республика күні қарсаңында Ұлытау облысының «Құрметті азаматы» атағы табыс етілді. Бұл туралы облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Республика күні • 24 Қазан, 2023
Республика күні қарсаңында қоғам қайраткері, Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитет төрағасы Әлихан Байменов «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында тәуелсіздікпен келген үш құндылық туралы айтты.
Республика күні • 24 Қазан, 2023
Республика күні – бірлік, рухани келісім және бейбітшілік мерекесі
Құрметті отандастар! Ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар! 25 қазан – еліміздің тарихындағы маңызды күндердің бірі. 1990 жылы нақ осы күні Қазақ КСР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды.
Парламент • 22 Қыркүйек, 2022
Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтару туралы заң қабылданды
Сенат депутаттары 25 қазанды ұлттық мереке – Республика күні деп белгілеу туралы заң жобасын қолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.