Ұлттық дәстүр
Мәдениет • 07 Желтоқсан, 2025
Ақтөбеде ұлттық дәстүрді ұлықтаған фестиваль өтті
Ақтөбеде ұлттық дәстүрді ұлықтаған «Сыбаға –2025» этнофестивалі өтіп жатыр. Үш күнге созылған іс-шарада қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылып, отандық және шетелдік дизайнерлердің таңдаулы топтамалары көрсетілді, бұл күндері ұмытылған ұлттық тағамдар ұсынылды. Өнер орталығында қолөнер шеберлерінің қой жүнінен әзірлеген алаша, текемет, сырмақтары мен ыдыс-аяқ, зергерлік бұйымдар көрмесі ұйымдастырылып, Қазақстан мен алыс шетелдерден келген қолөнершілер шеберлік сабатарын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.