Ұлттық бағдарлама
Оқиға • 10 Қыркүйек, 2025
Мәжілісмен ауылдарды сақтап қалу үшін ұлттық бағдарлама қабылдауды ұсынды
Қазақстанда соңғы жиырма жылда 1 400-ден астам ауыл жойылып, тағы 500 елді мекен «перспективасы жоқ» деп танылды. Ауыл халқының азаюы, жастардың қалаға көшуі мен инфрақұрылым тапшылығы өткір әлеуметтік мәселеге айналған. Мәжілістегі «Ауыл» партиясы фракциясының депутаты Серік Егізбаев осыған байланысты Премьер-Министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.