Ұлан сарбазының жобасы
Қоғам • Бүгін, 11:50
Әскери қызметшілерге арналған ақпараттық портал әзірленді
Қазақстанда цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Осы стратегиялық міндет аясында Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланында заманауи технологиялар жүйелі түрде енгізіліп келеді. Соның нақты көрінісі – 5573 әскери бөлімінде жүзеге асқан жаңа жоба. Мұнда мерзімді әскери қызметтің сарбазы Ким Хён У әскери қызметшілерге арналған арнайы ақпараттық портал әзірледі, деп жазады Egemen.kz.