Үкімет резервінен қаржы
Үкімет • 28 Қараша, 2025
Қостанай облысына жылу желілерін жөндеуге 2,2 млрд теңге бөлінді
Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қостанай облысындағы жылу желілерін реконструкциялауды аяқтауға Үкімет резервінен шамамен 2,2 млрд теңге бөлінді. Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.