Үкімет жиыны
Үкімет • 21 Шілде, 2025
Бірқатар әлеуметтік маңызы бар тауар бағасы өскен
Үкіметте өткен жиында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров биылғы қаңтар-мамыр айларында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 4%-ға өсіп, 1,3 трлн теңгені құрағанын баяндады. Азық-түлік өндірісі 10,5%-ға өсті. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытудың 2028 жылға дейінгі Кешенді жоспары іске қосылып, 677 инвестициялық жоба, оның ішінде импортқа тәуелді тауарлар бойынша 289 жоба жүзеге асырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.