құбыр
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2026
Қостанайда су құбыры жарылды: Тұрғындар қақаған суықта сусыз отыр
Сақылдаған сары аяз тозығы жеткен су құбырларын шыдатар емес. Осыдан он күн бұрынғы қақаған суықта Баймағаметов көшесіндегі құбыр желісі жарылып, тұрғындар бір жарым тәулік бойы сусыз қалып еді. Кешегі үскірік аязда тағы бір құбыр жарылып, 6 көппәтерлі үй, 11 жеке тұрғын үй, 4 комерциялық нысан сусыз қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 11 Желтоқсан, 2025
Каспий мұнай құбырына қажетті жабдықтар енді Қазақстанда өндіріледі
Тарата айтар болсақ, Каспий мұнай құбырына қажетті жабдықтар Өскеменде өндіріледі, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 11 Желтоқсан, 2025
Рудныйда құбыр жарылып, бірнеше ғимарат жылусыз қалды
Рудныйда жерасты құбырының жарылу салдарынан бірнеше ғимарат жылусыз қалды. «Рудный жылу желілері» ЖШС-ның мәліметі бойынша, Комсомол даңғылының бойындағы 13-шағын ауданға жылу тарататын құбырдан диаметрі 219 мм болатын жарық сызаты табылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2025
Министр: Қазақстан үшін КТК-ға балама бағыт жоқ
Каспий құбыр консорциумына (КТК) жасалған шабуылдардан кейін Қазақстан тағы да таныс дилеммамен бетпе-бет келді. Негізгі экспорттық магистраль істен шыққан жағдайда мұнайды қай бағытқа жөнелтуге болатыны мәселе тудырып отыр. Бұл ретте басқа бағыттар мұнай тасымалының қажетті көлемін қамтамасыз ете алмайтыны белгілі. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов КТК-ға толыққанды балама жоқ екенін, ал өзге бағыттар тек жүктің белгілі бір бөлігін ғана тасымалдай алатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 04 Желтоқсан, 2025
Еуропалық Одақ Ресей газынан толықтай бас тартатын болды
Еуропалық кеңес пен Еуропарламенттің шешімі бойынша ресейлік құбыр газының жеткізілімі 2027 жылғы 30 қыркүйектен кешіктірілмей тоқтатылуы тиіс. Кейбір жағдайларда мерзім 2027 жылдың 1 қарашасына дейін ұзартылуы мүмкін, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 28 Қараша, 2025
Каспий құбыржелісі консорциумының экспорты желтоқсан айында артады
Каспий құбыржелісі консорциумы (КҚК) желтоқсан айында CPC Blend маркалы мұнай экспортын тәулігіне 1,7 млн баррельге дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Қараша айындағы жоспар – тәулігіне 1,45 млн баррельді құраған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 04 Қараша, 2025
АҚШ Қазақстанның энергетикалық әлеуетіне сенім білдіріп отыр
Қазақстанның Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов «ADIPEC-2025» халықаралық энергетикалық форумы аясында АҚШ-тың Ішкі істер министрі Даг Бергуммен кездесті. Тараптар америкалық компаниялармен 30 жылдан астам уақыт бойы жүзеге асып келе жатқан бірлескен жобаларды дамыту жолдарын қарастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 23 Қазан, 2025
Құбыр шығаратын зауыт іске қосылады
Қарағанды облысының өнеркәсіп өзегіне айналған Саран индустриялық аймағында заманауи құбыр шығаратын жаңа зауыт іске қосылады. Жоба импортқа тәуелділікті азайтып, ішкі-сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті күшейтеді, 500 жаңа жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 20 Қазан, 2025
Ақтау қаласында 1300-ден аса пәтерге жылу беру шектелді
Бүгін Ақтаудың жылу желілерінде ақау анықталып, шектеу шаралары қабылданды, деп хабарлайды Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қоғам • 03 Қазан, 2025
Су құбырлары жергілікті әкімдіктердің қарамағына берілді
Су ресурстары және ирригация министрлігі топтық су құбырларын жергілікті атқарушы органдарға беру жұмысын жүргізіп жатыр. Бүгінде берілген 10 нысанның төртеуі Маңғыстау облысында, тағы төртеуі Батыс Қазақстан облысында және екеуі Ақмола мен Абай облыстарында, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 30 Қыркүйек, 2025
Мәртөк ауданының үш елдімекеніне газ құбыры тартылды
Мәртөк ауданының Қызылжар ауылдық округіне қарасты үш елдімекеніне газ құбыры тартылды. Осылайша Бөрте, Қызылжар, Шевченко ауылдарының тұрғындары жылдағыдай көмір, тамызық сатып алу бейнетінен арылды. Жалпы ұзындығы 74 шақырым болатын көгілдір отын құбырын тартумен «Ерзат» өндірістік кооперативі айналысты. Осы жобаға жергілікті бюджеттен 1,4 млрд теңге бөлінген еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 21 Қыркүйек, 2025
Құбырдағы апат салдарынан Оралдың бір бөлігі сусыз қалды
Зачаган кентінде су құбырында апат болды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2025
Атырауда екі мектептегі сабақ онлайн өтіп жатыр
Бүгін Атырау қаласындағы екі мектептің оқушылары сабақты онлайн оқуға жіберілді. Бұған су құбырындағы апатты қалпына келтіру жұмысы себеп болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 20 Тамыз, 2025
Биыл су құбырларын жөндеуге 70 млрд-тан астам қаржы бөлінді
Үкімет ауыл тұрғындарын ауызсумен қамтуға бағытталған жобаларды жеделдетуді тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 12 Шілде, 2025
Қайтарылған қаржыға Қарағанды облысының су құбыры желілері жөнделеді
Үкімет осы мақсатқа қайтарылған активтер қаражатының 5,1 млрд теңгесін бөлген, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 03 Шілде, 2025
СҚО-да ауылдар 100 пайыз ауыз сумен қамтылады
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елге қайтарылған заңсыз иемделген активтер қаражатын халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағыттау жұмыстары жалғасып жатыр. Үкіметтің шешімімен Арнаулы мемлекеттік қордан Солтүстік Қазақстан облысында су құбыры инфрақұрылымын дамытуға 45 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Маусым, 2025
Абай ауданында екі ауылға ауыз су құбырлары тартылады
Мемлекет басшысының тапсырмасына орай Қарағанды облысының Абай ауданына қарасты Ягодный және Садовое ауылдарына алғаш рет су құбырлары жүргізіледі, деп жазады Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 01 Маусым, 2025
Сәтбаев қаласының жылу магистральдары күрделі жөндеуден өтуде
Сәтбаев қаласында инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда №1 және №2 магистральдік жылу желілерін заманауи, полиуретанды оқшауланған (ППУ) құбырларға ауыстыру бойынша реконструкциялау басталды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Инфрақұрылым • 27 Мамыр, 2025
Елімізде 2500 шақырым су құбыры салынып жатыр
Сала министрлігі Ақмола, Атырау, Алматы, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ұлытау яғни, 9 облыста жалпы саны 30 су құбырын салу және қайта жаңарту жобасын жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 26 Мамыр, 2025
Үкіметте қазақ мұнайын тасымалдау мәселесі талқыланды
Премьер-министр Олжас Бектенов Каспий құбыр консорциумының (КҚК) бас директоры Николай Горбаньмен кездесу өткізіп, мұнай тасымалы саласындағы ынтымақтастық пен инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 25 Мамыр, 2025
Макинск қаласында су құбырларын жаңғырту жобасы қарқынды жүріп жатыр
Макинск қаласында ауқымды су құбыры желілерін жаңғырту жобасының бірінші кезеңі белсенді түрде жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда инженерлік желілердің 76,7 шақырымын қамтитын жұмыс көлемінің 65 пайызы орындалған. Соның нәтижесінде 45 шақырым жаңа құбыр тартылды.
Қоғам • 22 Мамыр, 2025
Қазақстанда жаңа газ құбыры салынуы мүмкін
Қазақстан Ресеймен республика аумағы бойынша жаңа газ құбырын салу мәселесін талқылады. Энергетика министрлігі хабарлағандай Ресейден Қытайға көгілдір шикізат транзиті үшін жаңа құбыр салу жөнінде «Газпроммен» келіссөздер жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz
Әлем • 01 Сәуір, 2025
Малайзияда газ құбырында күшті жарылыс болды
Малайзияның Куала-Лумпур қаласына жақын орналасқан Субанг-Джая аймағында газ құбырында ірі жарылыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Malay Mail басылымына сілтеме жасап.
Құрылтай • 14 Наурыз, 2025
Елімізде ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатыр - Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысында елімізде жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобаларды атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 20 Ақпан, 2025
Бұл шабуыл халықаралық консорциумға жасалған соққы - Марат Башимов
Мәжіліс депутаты Марат Башимов украиналық ұшқышсыз ұшақтардың Каспий құбыр консорциумы (КҚК) станциясына жасаған шабуылына қатысты пікірін білдіріп, мұны «еліміздің мүдделеріне қарсы ашық және тікелей шабуыл» деді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Ақпан, 2025
Каспий құбыр консорциумындағы жағдайды СІМ бақылауына алуға тиіс - депутат
17 ақпан күні Каспий құбыр консорциумына украиндық дрондар шабуыл жасаған еді. Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза өзінің Facebook парақшасында оқиғаға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2024
Алматы қаласы Бостандық ауданындағы Назарбаев даңғылында 1984 жылы орналастырылған жылу құбыры жарылды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 10 Желтоқсан, 2024
Президент құбыр зауытын аралап көрді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 30 Қазан, 2024
Алматыда 40 жыл бойы қолданылған құбыр ауыстырылды
Құрманғазы көшесінде Пушкин көшесінен Зенков көшесіне дейінгі құбыр желісін ауыстыру жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Тамыз, 2024
Нұра топтық су құбырын жөндеу жұмысы аяқталды
Ақмола облысында қайта жаңартылып жатқан Нұра топтық су құбырының 68,7 шақырым бөлігінің құрылысы аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.