қоштасу рәсімі
Тағзым • 24 Сәуір, 2025
Елордада Әкім Таразимен қоштасу рәсімі өтті
Астана орталық мешітінде қазақтың көрнекті қайраткері, жазушы Әкім Таразимен қоштасу рәсімі өтті. Оған Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қатысып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан көңіл айту хатын оқып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 05 Сәуір, 2024
Мәулен Әшімбаев Өмірбек Байгелдімен қоштасу рәсіміне қатысты
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Парламент Сенатының тұңғыш Төрағасы, «Отан» орденінің иегері, академик Өмірбек Байгелдіні соңғы сапарға шығарып салу рәсіміне қатысты. Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өткен қоштасу рәсіміне марқұмның жақын туыстары, достары, әріптестері, серіктестері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.