қарқынды даму
ЖОЛДАУ • 22 Тамыз, 2025
Теміржол желісі жаңғырып, даму қарқыны артты
«Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында Мемлекет басшысы бірінші кезектегі инфрақұрылымдық проблемаларды шешу қажеттігіне назар аударды. Президент тапсырмасын орындау аясында көлік-логистика әлеуетін дамытуға арналған ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 19 Маусым, 2025
Жамбыл облысында химия өнеркәсібі қарқынды дамып келеді
Отандық химия өндірісі, оның ішінде химия өндірісінің Әулиеата өңіріндегі қалыптасу жайында сөз қозғағанда оның тамыры терең тарихына тоқталмай кетуге болмайды. Бұл өндірістің іргетасы облыстың құрылуымен тікелей байланысты. 1939 жылдың соңына таман шаңырақ көтерген облыстың алдында қыруар міндет тұрған болатын. Сол тұста орыс геологтары И.Машкара мен П.Л.Безруков Қаратау қойнауынан фосфор кенінің ірі қорын анықтап, 1,5 миллиард тоннаға жуық фосфор кенін барлап, толық сараптамасын жасаған. Осындай табиғат берген байлықты игеру аймақтың тағдырын түбегейлі өзгертіп, облыстың даңқын асқақтата түсті, деп жазады Egemen.kz Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.