қаржылық сауат
Білім • 17 Қазан, 2025
Оқушылар арасында қаржылық сауат пен цифрлық қауіпсіздік бойынша олимпиада өтеді
Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы алғаш рет 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған қаржылық сауат пен цифрлық қауіпсіздік бойынша республикалық олимпиада ұйымдастырады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 19 Тамыз, 2025
Алты мыңға жуық педагог қаржылық сауаттылығын арттырады
Мемлекет басшысының тапсырмасымен мұғалімдер мен оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған ауқымды жоба іске қосылды. Бастаманы Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен ҚР Ұлттық банкі бірлесіп жүзеге асырады, деп жазады Egemen.kz.
Партия • 19 Желтоқсан, 2024
«Қарызсыз қоғам» азаматтарды қолдаудың нақты құралына айналды - AMANAT
«AMANAT»-та «Қарызсыз қоғам» жобасы қорытындыланды. Аталған жоба екі жылдан аз уақыт ішінде Мемлекет басшысының Әділетті Қазақстанды құру және «Адал азамат» тұжырымдамасын жүзеге асыру бағытындағы маңызды бөлігіне айналды. Партияның көмегімен 780 мың отандасымыздың қаржылық сауаты жақсарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 16 Сәуір, 2024
Алаяқтар су тасқыны жағдайын азаматтарды алдау үшін пайдалана бастады
«Жеке сәйкестендіру нөміріңізді теріп төлемдердің бар-жоғын тексеріңіз», «Сілтемені басып, 3 млн теңгеге дейін өтемақы алыңыз,», «Мемлекеттен тезірек жәрдемақы алыңыз». Қаскүнемдер әлеуметтік желілерде осындай сынды жалған ақпарат орналастырып, ел азаматтырының дербес деректерін ұрлай бастады. Алаяқтықтың бұл түрі кеше-бүгін пайда болған жоқ, алайда кейбір азаматтар алаяқтардың айла-шарғыларының құрбаны болып жатады. Fingramota.kz негізгі қауіпсіздік шараларын еске салады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 25 Желтоқсан, 2023
Артық ақша төлемеу үшін несие алғанда нені ескеру керек? Сарапшы пікірі
2019 жылы Президенттің пәрменімен 507 мың адамның несиесі кешірілген. Былтыр 30 желтоқсан күні белгілі критерийлер бойынша азаматтарды банкрот деп тану туралы заңды мемлекет басшысы мақұлдады. Мұндай шаралар тұтынушылардың төлем қабілетінің төмендеуі сынды мәжбүрліктен туып тұр. Мемлекеттік деңгейде мәселе көтеріліп, шара қабылданып жатқанымен, кәсіптен тапқан нәсібін ай сайын несие жабуға жұмсайтындар саны азаймай тұр. Биыл бұл көрсеткіш Ұлттық банктің сәуір айындағы есебі бойынша 15 триллион теңгеге жеткен. Бұл елдегі 7 939 000 адамның банкке берешегі. Бірі несиені дер кезінде өтесе, бірі қарызынан құтыла алмай «құрықталып жатыр». Соңғыларының несие шырмауынан шыға алмауы түбі түрлі әлеуметтік шиеленіске соқтырады. Ендігі жерде үкімет несие беру тәртібін қайта қарамақ.