ҚҚС
Медицина • Бүгін, 10:49
Қосылған құн салығы дәрі-дәрмек бағасына әсер етпейді
Үкімет қаулысымен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде ұсынылатын медициналық қызметтер мен дәрілік препараттардың қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуден босату көзделген. Осы қадамның арқасында дәрі-дәрмек бағасын мейлінше ұстап тұруға мүмкіндік туады, деп жазады Egemen.kz.
Салық • 26 Қаңтар, 2026
«Таза парақтан» реттеу: Кәсіпкерлерден қандай өтініштер келіп жатыр?
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Салық кодексін енгізу жобасы кеңсесінің екінші отырысы өтті. Жиында шағын және микро бизнесті «таза парақтан» салықтық реттеу тетіктері талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 15 Қаңтар, 2026
Салық режимдерінің ауысуы кітап нарығына қалай әсер етеді?
Қосылған құн салығына қатысты бастамалар қоғамдық пікірде көбіне «баға қымбаттайды» деген бір ғана өлшеммен қабылданады. Алайда бұл өзгерістердің салдары кей салаларда әлдеқайда терең әрі ұзақ мерзімді сипатқа ие. Соның бірі – баспа ісі. «Мазмұндама» баспасының директоры, баспагер Шыңғыс Мұқан салық режимдерінің ауысуы мен ҚҚС мөлшерлемесінің өзгеруі кітап нарығындағы қалыптасқан экономикалық тепе-теңдікті шайқалтуы мүмкін екенін айтады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2026
ҚҚС өсімі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына әсер етті ме?
Елімізде 5 қаңтардан бастап ҚҚС мөлшерлемесі 12%-дан 16%-ға дейін артқанына қарамастан, Алматы қаласының әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасында күрт өзгерістер байқалмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2026
Зергерлер неге Қырғызстанға көшіп жатыр?
Кейінгі кезде зергерлік бұйымдармен айналысатын кәсіпкерлеріміз Алатау асып, айырқалпақ ағайынға бек жақындап жүр. Бәзбіреулері өндірістерін Бішкекке бір-ақ көшіруді бастап кеткен. Бұған себеп – Қырғызстанда зергерлік бұйымдарды өндіру мен экспорттауды қолдауға бағытталған жаңа заңның қабылдануы. Бұл заң кәсіпкерлерге тиімді болып тұр. Алайда мәселенің мәніне үңілсек, жағдай мүлде басқаша, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 13 Қаңтар, 2026
Дәрі-дәрмектер мен медициналық қызметтердің тізбесі ҚҚС-тан босатылды
Қазақстанда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде ұсынылатын медициналық қызметтер мен дәрілік препараттар қосылған құн салығын төлеуден босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Қаңтар, 2026
«Қазақтелеком» қаңтар айындағы төлемнің неге жоғары болатынын түсіндірді
«Қазақтелекомның» 1 қаңтардан бастап көрсетілетін қызметтер бағасын көтеретіні туралы хабарламасы әлеуметтік желілерде талқыланып жатыр. Пайдаланушылардың бірі белгіленген тарифпен үш жылдық келісімшарт жасасқанын, алайда баға бәрібір өсетінін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 09 Желтоқсан, 2025
Импортталатын тауарларға ҚҚС төлеуді кейінге қалдыру механизмі бекітілді
Ұлттық экономика министрлігі қайта өңдеу үшін әкелінетін тауарлар тізбесін белгілеу туралы бұйрықты бекітті. Құжатқа сәйкес, аталған тізімге кіретін өнімдерді импорттаған кезде салық төлеушілер қосылған құн салығын кейінге қалдыру құқығына ие болады. Бұл норма Салық кодексінің 134-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес айқындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Салық • 13 Қараша, 2025
ҚҚС өсімі құрылыс саласын шығынға ұшырата ма?
2026 жылдан бастап ҚҚС мөлшерлемесінің 12%-дан 16%-ға өсуі мемлекеттік құрылыс жобаларын залалды етуі мүмкін. Бизнес бұл мәселені шешу үшін Үкіметтен нақты механизм сұрап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 04 Қараша, 2025
Тұрмыстық техника сатылымы ҚҚС-тан босатылады
Бұйрыққа Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 04 Қараша, 2025
Министрлік дәрі-дәрмек саудасына қатысты жағымды жаңалық жариялады
Қазақстандықтар артық төлемсіз дәрі-дәрмек пен ем ала алады. Бұл тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде ұсынылатын медициналық қызметтер мен дәрілік препараттарды қосылған құн салығынан босату шеңберінде мүмкін болмақ, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қыркүйек, 2025
Қазақстанда 10 жылдан асқан көліктерге салынатын салық төмендетіледі
Қаржы министрі Мәди Такиевтің айтуынша, жаңа Салық кодексінде азаматтар мен бизнес үшін бірқатар маңызды өзгерістер қарастырылған. Солардың ішінде көлік иелеріне пайдалану мерзімі 10 жылдан асқан автокөліктерге салынатын салық мөлшері төмендетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қыркүйек, 2025
Кәсіпкерлердің басым бөлігі үшін жеңілдетілген салық режимі сақталады - Серік Жұманғарин
Елордада 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексіне арналған республикалық семинарлардың қорытынды кездесуі өтті. Іс-шараға Үкімет мүшелері, оның ішінде Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Қаржы министрі Мәди Такиев, Мемлекеттік кірістер комитеті мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Қыркүйек, 2025
Қазақстанда 80% кәсіпкерлер салық төлемейді — Қаржы вице-министрі
Қазақстандағы салық тәртібіне қатысты алаңдатарлық деректерді Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жаңа Салық кодексін түсіндіруге арналған семинарда жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Қыркүйек, 2025
2026 жылдан бастап кімдер ҚҚС -тан босатылады
Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов 2026 жылдан бастап ҚҚС-тан кімдер босатылатынын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 18 Шілде, 2025
Медицина, археология және баспа өнімдері ҚҚС-тан босатылады
Бүгін Мемлекет басшысы жаңа Салық кодексіне және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойғаны мәлім. Сол орайда, ҚР ҰЭМ Салық және кеден саясаты департаментінің бас сарапшысы Жазира Мыңбаевадан пікірін сұраған едік, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 27 Мамыр, 2025
ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті цифрлық экономика саласында ашықтықты арттыру және әділ салық салу жүйесін дамыту бағытындағы жұмыстарын жалғастырып келеді. Осы бастаманың аясында 2025 жылғы мамыр айынан бастап жасанды интеллект саласындағы әлемдік көшбасшы — OpenAI, L.L.C. компаниясы Қазақстанда шартты түрде тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Мамыр, 2025
Дидара Алина: Кітап - қоғамдық маңызы бар рухани құндылық
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде кітаптар мен оларды басып шығару қызметтері қосылған құн салығынан босатылады. Бұл – отандық баспа саласының тынысын ашатын маңызды шешім. Осы тарихи сәт қарсаңында біз Arman-PV баспасының бас директоры Дидара Алинамен сұхбаттасып, ҚҚС-тың жойылуы баспа мен білім саласына қалай әсер ететінін, сондай-ақ жаңа мүмкіндіктердің көкжиегін сараладық, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 30 Сәуір, 2025
Қандай салалар қосылған құн салығынан босатылады
Бүгін Мәжіліс депутаттары жаңа Салық кодексі мен оған салық салу мәселелері бойынша ілеспе түзетулерді екінші оқылымда қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 29 Сәуір, 2025
Медқызметтерге ҚҚС мөлшері 5 пайызға дейін төмендейді
2026 жылдан бастап Қазақстанда бірқатар дәрі-дәрмек пен медициналық қызметтерге қосымша құн салығының 5% төмендетілген мөлшерлемесін белгілеу жоспарланып отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Салық • 09 Сәуір, 2025
ҚҚС өсімінен бюджетке 3 трлн теңгедей қосымша түсім түседі
ҚҚС мөлшерлемесін 16%-ға дейін арттыру бюджетке 3 трлн теңгеге жуық қосымша түсімдер алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Сәуір, 2025
Казиноларға салық мөлшерін батыл арттыру керек - депутат
«Салық кодексі туралы айтылып жатыр, сандар, пайыздар. Бірақ, бұл – жай сандар емес, бұл – адамдардың өмірі. Сол себептен бұл – әділеттілік пен мемлекеттің не нәрсеге басымдық берерінің көрсеткіші», деген депутат Асхат Аймағамбетов ұсыныстарын, ойларын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Пікір • 09 Сәуір, 2025
Қарақат Әбден: Нөлдік ҚҚС аграрлық салаға қауіп төндіруі мүмкін
Бүгін Мәжілісте жаңа Салық кодексінің жобасы талқыланып, депутат Қарақат Әбден еліміздің агроөнеркәсіптік кешеніне (АӨК) қатысты салық саясатының маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, ұсынылған заң жобасы аграрлық саланың тұрақты дамуы мен ауылдағы кәсіпкерліктің өркендеуіне тікелей әсер ететін стратегиялық құжат, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 09 Сәуір, 2025
Салықтық жеңілдіктерді қайта қарау маңызды - депутат
Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Елнұр Бейсенбаев Салық кодексінің жаңа жобасына қатысты өз ұстанымын білдіріп, депутаттар мен Үкімет тарапынан айтылған ұсыныстардың қаншалықты ескерілгеніне тоқталды. Оның айтуынша, Мемлекет басшысы салық реформасының маңыздылығын ерекше атап өтіп, оған нақты талаптар қойған болатын. Президент салық жүйесі әділ әрі тиімді болуы керектігін нақты тапсырған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Сәуір, 2025
AMANAT фракциясы КТС мөлшерлемесін төмендетуге жол беруге болмайды деп санайды
Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясы ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегін 15 млн теңгеге дейін төмендетуге қарсылық білдірді. Сонымен қатар депутаттар өңдеу өнеркәсібіндегі корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесін төмендету идеясымен келіспейтінін айтты және денсаулық сақтау саласына қосымша салық жүктемесін енгізуді қолдамайтынын жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 01 Наурыз, 2025
ҚҚС өсуі тұрғын үй нарығындағы шағын компанияларға ғана әсер етуі мүмкін
Бұған дейін мәжілісмен Азат Перуашев үкіметтің салықты арттырудың маңыздылығын дәлелдей алмайтынын, Ұлттық экономика министрлігінде бұрын тұрғын үй ҚҚС көтерілгеннен кейін қымбаттайтынын атап өткен болатын, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 27 Ақпан, 2025
Мәжілісте ҚҚС-ға қатысты Үкімет бастамалары талқыланды
Бүгін Мәжілісте Салық кодексінің жобасына қатысты Үкіметтің жаңа бастамаларын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті, деп жазады Egemen.kz.
Банк • 21 Ақпан, 2025
ҚҚС бойынша қайтарымды бес есе жылдам алуға болады
Экспорттаушылар арнайы бағдарламаланған цифрлық теңгені пайдалану кезінде кіріс ҚҚС қайтаруды салықтық тексерулерсіз екі апта ішінде рәсімдей алады. МКК хабарлағандай, бұл механизм өткен жылдың соңынан бастап жұмыс істеп келеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 20 Ақпан, 2025
Сұр экономикаға назар аудару керек - Үміт Шаяхметова
Women in Business-2025 форумындағы талқылаулар аясында Halyk Bank басқармасының төрайымы Үміт Шаяхметова банк секторындағы және экономиканың басқа да салаларындағы корпоративтік табыс салығының (КТС) мөлшеріндегі айырмашылықтарға өзінің көзқарасы туралы айтып берді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 14 Ақпан, 2025
ҚҚС өсуі жалпы капитал нарығына әсер етпейді - Константин Сароян
Еуразиялық биржалар федерациясының бас хатшысы Константин Сароян Joining Tabadul Hub халықаралық конференциясында Еуразияның қор нарықтарындағы өтімділікті қалай арттыруға болатынын айтты. Оның айтуынша, ҚҚС өсуі жалпы капитал нарығына әсер етпейд, деп хабарлайды Egemen.kz.