Қуаныш Салықбаев
Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2024
Қуаныш Салықбаев атындағы турнир
Абай облысының орталығында Қазақ күресінен Азияның абсолютті чемпионы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Салықбаев Қуаныш Жұмабекұлын еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир өткізілді. Қазақтың теңдесі жоқ мұрасы, көнеден аманат болып жеткен бүгінгі қазақ күресінің көрнекті тұлғасына арналған байқау биыл екінші мәрте жалауын желбіретті.