Қорытынды
Қоғам • 28 Қаңтар, 2026
2025 жылы медиа саласында қандай өзгерістер болды?
Қазіргі кезде елде 5029 бұқаралық ақпарат құралы бар, оның 306-сы – шетелдік БАҚ. Тек 2025 жылдың өзінде 515 жаңа БАҚ тіркелді. 2025 жыл Қазақстанның медиа саласы үшін жүйелі реформалар, институционалдық даму және кәсіби стандарттарды нығайту кезеңі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қаңтар, 2026
Полиция жылды қорытындылады: Нәтиже қандай?
Шымкент қаласының Полиция департаменті өткен жылғы жұмыстарын қорытындылады. Алдағы күнге жоспарларын белгіледі. Кеңеске Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха төрағалық етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Қаңтар, 2026
Отандық үздік 10 боксшы белгілі болды
Boxrec.com сайты 2025 жылдың қорытындысы бойынша отандық үздік боксшылар рейтингін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 30 Желтоқсан, 2025
Министр: Биыл елімізде 115 жаңа медиа іске қосылды
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ақпарат саласы бойынша жыл қорытындысын жариялады. Министр өз жазбасында отандық ақпараттық кеңістікті дамыту, цифрландыру үдерістері мен журналистиканың сапасын арттыру бағытындағы негізгі нәтижелерге тоқталды. Сондай-ақ саланы қолдауға бағытталған бастамалар мен алдағы кезеңге жоспарланған басым міндеттерді атап өтті, деп хабарлайды turkystan.kz
Спорт • 29 Желтоқсан, 2025
234 алтын медаль: Әскер спортының жыл қорытындысы шығарылды
Астанада Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубының (АОСК) 2025 жылғы қызметін қорытындылауға арналған іс-шара өтті. 2025 жыл – әскер спорты тарихында ең нәтижелі жылдың бірі болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 26 Желтоқсан, 2025
2025 жылы Қазақстан спортшылары қандай жетістіктерге қол жеткізді?
2025 жылы елімізде 135 спорт нысаны пайдалануға берілді. Оның ішінде Түркістандағы ескек есу арнасы және Қызылордадағы «Қайсар Арена» стадионы бар. Ал Астанадағы Ұлттық спорт университетінің құрылысы жалғасып жатыр. Осы және басқа да мәліметтерді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жылды қорытындылау барысында мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 26 Желтоқсан, 2025
Ақтау маңында құлаған ұшақ оқиғасына 1 жыл: Министрлік тексеріс нәтижелерін жария етті
Былтыр дәл осы күні Грозныйға бет алған азербайжандық AZAL компаниясына тиесілі Embraer 190 жолаушылар ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшырады. Әуе апатынан 38 адам көз жұмып, 29 жолаушы жарақат алған еді. Сол уақыттан бері апаттың себебін анықтау мақсатында тергеу жүріп жатыр. Бүгін еліміздің Көлік министрлігі тергеудің аралық қорытындысын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 24 Желтоқсан, 2025
Ерлан Қарин: 1300-ге жуық жұмысшы мемлекеттік марапат алды
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің қатысуымен Жұмысшы мамандықтары жылының қорытындысына арналған салтанатты іс-шара өтті. Сондай-ақ форумға Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, «AMАNAT» партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Akorda.kz ресми сайтына сілтеме жасап.
Экономика • 15 Желтоқсан, 2025
Ерлан Ақкенженов: Мұнай өндіру көлемі жылына 12 млн тоннаға артты
2025 жылғы Үкімет қызметінің қорытындыларын шығару шеңберінде Astana Hub алаңында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтың бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2025
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Тергеу қорытындысы қашан жарияланатыны белгілі болды
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтау маңында апатқа ұшыраған Әзербайжан ұшағына қатысты тергеу жұмыстары жақын арада аяқталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Қараша, 2025
Ақтау маңында құлаған Әзербайжан ұшағына байланысты деректер жақында жарияланады
2024 жылдың 25 желтоқсанында Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL ұшағына қатысты тергеу нәтижесі жыл соңына дейін жарияланады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Қазан, 2025
Семей қаласының әкімі сайланды
12 қазанда өткен Абай облысына қарасты Семей қаласының әкімін сайлау қорытындылары жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 14 Қазан, 2025
Ел экономикасы 6,3 пайызға өскен
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы 9 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 19 Шілде, 2025
Қазақ музыкасындағы маңызды белес: алғашқы жартыжылдық нәтижелері
2025 жылдың жартыжылдық қорытындысы бойынша, Қазақстанның музыка саласы қарқынды дамып келеді. Республикадағы концерт ұйымдары 279 іс-шара өткізіп, оған шамамен 300 мың көрермен келген, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 09 Маусым, 2025
ҰБТ кезінде 208 түлек ереже бұзған
Ғылым және жоғарғы білім министрлігі 16 мамырдан негізгі ҰБТ басталғалы 164 мыңнан астам тестілеу өткізілгенін мәлімдеп, үш апталық аралық қорытындыны шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Мамыр, 2025
ҰБТ тапсырушылардың 62 пайызы шекті балл жинаған
Биыл 16 мамырда басталған негізгі ҰБТ-дан бері 52 мыңнан астам тестілеу өткізіліп, талапкерлердің 66%-ы қазақ тілінде, 33%-ы орыс тілінде және 65 адам ағылшын тілінде тапсырған. Бірінші апта қорытындысы бойынша талапкерлердің 62%-ы шекті балл жинаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Сәуір, 2025
Сот әкімшілігі жұмыс қорытындысын шығарды
ҚР Сот әкімшілігінде аймақтардағы департаменттер басшыларының бейне бақылау камерасы арқылы қатысуымен кеңес өтті. Кеңесті Сот әкімшілігінің басшысы Н.Ахметзакиров жүргізді. Онда 2025 жылдың бірінші тоқсанында жасалған жұмыстар сараланып, қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Сәуір, 2025
Сот саласын роботтандыру судьялардың жұмысын жеңілдетті
Жоғарғы Соттың Төрағасы Асламбек Мерғалиев өткен I тоқсандағы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары бойынша республика судьялар корпусының қатысуымен кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 26 Наурыз, 2025
Наурыздағы ҰБТ-ны 88 мыңдай талапкер тапсырды
Наурыз айындағы ҰБТ-ның үш аптасында (аралық қорытындылар) 88 мыңға жуық адам тест тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 28 Қаңтар, 2025
Жаңа дәуірдің сын-қатерлері аз емес - Тоқаев
Бүгін Астанада ҚР Президентінің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Жиын барысында Мемлекет басшысы сырттағы ахуал күрделі болса да, елімізде жақсы нәтижелер бар екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 28 Қаңтар, 2025
Бектенов экономикалық көрсеткіші төмен облыстарды атады
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов 2024 жылы іске асқан жұмыстардың қорытындысын баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 28 Қаңтар, 2025
Үкіметтің кеңейтілген отырысында кімдер баяндама жасайды
Бүгін Астанада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 30 Желтоқсан, 2024
Көлік саласы бойынша Қазақстанның биылғы жетістіктері
Көлік-логистика саласы бойынша 2024 жылы Қазақстан ірі жетістіктерге жетті, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 30 Желтоқсан, 2024
Жыл қорытындысы: Тарихта айтулы орын алған ірі саяси оқиғалар
Қазақстан биыл Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы, Аралды құтқару жөніндегі Халықаралық қор сияқты бірқатар беделді халықаралық және өңірлік ұйымдарға төрағалық етті. Бұл ұйымдардың біразының құрылуының басы-қасында Қазақстан тұрса, кейбіреулерінің белсенді бастамашысы болды.
Сенат • 26 Желтоқсан, 2024
Жыл басынан бері Парламент 104 заң қабылдады - Мәулен Әшімбаев
Сенаттың биылғы қорытынды отырысында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қабылданған заңдар еліміздің саяси және орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталғанын, сонымен қатар, мемлекеттілігімізді нығайту, қоғамның осал топтарын қорғау, ел экономикасын, оның қауіпсіздігі мен халықаралық беделін арттыру сияқты көптеген маңызды салалар қамтылғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 25 Желтоқсан, 2024
Биыл Мәжіліс 106 заң жобасын қарап, 37 заңды қабылдады. Оның ішінде 19 заңға Президент қол қойған. Бүгін Парламент жылды қорытындылап, жуырда депутаттар өңірлерге іс сапарға шығатыны айтылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2024
Жоғарғы Сот түзеткен апелляциялық шешімдер саны 17%-ға азайды
Бұл туралы Жоғарғы Соттың баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 24 Желтоқсан, 2024
Париж Олимпиадасындағы жарқын жетістіктер
Биыл еліміз үшін маңызды додалардың бірі - Францияның бас шаһары Парижде өткен XXXIII жазғы Олимпия ойындары. Халық болып тақым қысып, спортшыларымыздың амандығын тілеп, олармен бірге татамиде жүлдеге таласып отырғандай күй кешкеніміз анық. Жарыс жолындағы спортшыларымыздың бірі жеңіліс тапса, енді бірі туымызды желбіретіп олжамен оралып еді.
Экономика • 18 Желтоқсан, 2024
Отандық өнімдердің экспорты артты
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет мұнайдан тыс секторды дамытуға бағытталған экономиканы құрылымдық өзгерту бойынша бірқатар шара қабылдады. Оның ішінде отандық тауар өндірушілерді қолдау арқылы еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру ісі де бар, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 12 Желтоқсан, 2024
Отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі
Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында өнеркәсіптік әлеуетті толық ашу шараларын күшейтуді тапсырды. Осыған орай Primeminister.kz сайты 2024 жылғы даму қорытындыларын жариялады, деп жазады Egemen.kz.