Қолжазба
Архив • 02 Ақпан, 2026
Шерхан Мұртазаның 6 мың парақ мұрасы цифрланды
Қазақ көсемсөзінің жоталы жолбарысы – Шерхан Мұртазаның «Egemen Qazaqstan» газетінде редакторлық еткені мәлім. Қолының табы, көзінің нұры қалған редакция мұрағатында қаламгердің шығармашылық зертханасынан хабар беретін құнды қолжазбалар мен құжаттар, фотосуреттер сақталған еді. Сол қолжазбаларды алдағы заманға аман жеткеру үшін өткен жылдың қазан айында Шерағаның жәдігерлері ұлттық архивке табысталды. Бұл – аманат жүгін арқалаған тарихи шешім және маңызды қадам болды. Енді сол аманат толық жүйеленіп, зақымданған жазбалар қалпына қайта келтірілді. Соған орай және баспасөз күнінің аясында Ұлттық архив ұжымы «Шерхан Мұртазаның қаламгерлік қазынасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Жиын ұжымы «Қазақ газеттері» серіктестігімен селбесе ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Музей • 15 Желтоқсан, 2025
Ежелгі парсы қолжазбаларында қазақ хандығы туралы не айтылған?
Ұлттық музейде «Ұлы Дала тарихы Иран деректерінде» атты көрме ашылды. Көрмеде алғаш рет Иранның Сыртқы істер министрлігінің архивтерінен табылған 27 ежелгі парсы қолжазбасының көшірмелері қойылған, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 21 Мамыр, 2025
Кітап ісі, реставрация, консервация және қолжазбаларды зерттеу саласында ынтымақтастық дамиды
Алматыдағы «Ғылым ордасының» қызметкерлері Тегеранға сапары барысында ғылыми, мәдени және архив салаларындағы өзара серіктестікті нығайтуға арналған ынтымақтастық кездесулерін өткізді.
Тарих • 27 Тамыз, 2024
XIV ғасырда Әз Жәнібек сұлтанға арнап жазылған қолжазба табылды
1334 жылы Әз Жәнібек сұлтанға арнап жазылған 96 беттік қолжазба табылды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2023
Жазба мұраны жаңғырту жайы талқыланды
Астанада Қазақстандағы жазба мұраларды қайта қалпына келтіру және сақтау мәселелері талқыланған семинар өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 15 Тамыз, 2022
Қазақ жерінен шыққан ортағасырлық авторлардың 19 еңбегі елге әкелінді
Мәдениет және спорт министрлігінің Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері Түркияда іссапарда болып, ел тарихына қатысты құнды деректерді елге әкелу бойынша жұмыс жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 19 Желтоқсан, 2021
Биыл туғанына 180 жыл толып отырған аса көрнекті ағартушы, жаңашыл педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» (Начальное обучение киргиз русскому языку) атты оқулық жазуды қолға алғанымен, онысын аяқтай алмай өзі өмірден өткені белгілі. Марқұмның 23 бет қолжазбасы қазір Алматыдағы Ұлттық кітапхананың қолжазбалар қорында сақтаулы тұр.
Ғылым • 23 Қыркүйек, 2021
Эйнштейннің қолжазбалары аукционға шығарылады
Christie’s және Aguttes аукцион үйлері Альберт Эйнштейннің қолжазбасын сатылымға шығарады, онда физик жалпы салыстырмалылықты дәлелдеуге тырысқан, деп хабарлайды Egemen.kz Irish Times-қа сілтеме жасап.