Қаруланған топ
Оқиға • Бүгін, 15:48
Алматыда кәсіпкерлерге қысым көрсетпек болған қаруланған топ ұсталды
Ішкі істер министрлігі қылмыстық топтардың жолын кесу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. 27 наурыз күні Алматы қаласында жедел әзірлеме аясында адам ұрлау және денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактілері бойынша кешенді жедел-тергеу іс-шаралары өтті. Нәтижесінде барлық күдіктілер анықталып, ұсталды. Сонымен қатар 17 санкцияланған тінту жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.