Қазақ ұлттық хореография академиясы
Мәдениет • 26 Ақпан, 2026
Испания Ұлттық балетінің әртісі Астанада шеберлік сағатын өткізді
Қазақ ұлттық хореография академиясында Испания Ұлттық балетінің әртісі әрі хореографы Карлос Ромеро классикалық испан биіне арналған шеберлік сағатын өткізді. Танымал биші Академияның хореография факультеті мен мектеп-колледж білім алушыларымен жұмыс істеп, испан би мектебінің қыр-сырымен бөлісті, деп жазады Egemen.kz.