ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Қоғам • Бүгін, 13:30
Орман өртін сөндіруге арналған жаңа үлгідегі техника таныстырылды
2023 жылы Абай облысында болған ірі орман өртінен кейін орман шаруашылығының мамандары өртті сөндіру жұмыстарының неліктен қажетті деңгейде жедел жүргізілмегенін жан-жақты талдады. Талдау нәтижесінде орман өрттерін жедел сөндіруге арналған заманауи әрі маневрлі өрт сөндіру машинасының макетін әзірлеу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.