эндаумент
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2025
Президенттің Qazaq Tili Endowment қорына салған үлесі 100 есе өсті
Бүгін Астанада Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жылдық қорытынды құрылтайы өтті. Оған Президент көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай, Парламент депутаттары, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының құрылтайшылары және Орталық кеңес мүшелері, қор демеушілері, өңірлік филиал төрағалары мен делегаттар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Сәуір, 2025
Абай Эндаумент қоры - ұлтымыздың болашағына жасалған инвестиция
Абай атындағы ҚазҰПУ - отандық педагогикалық білім мен ғылымның бастауында тұрған еліміздің тұңғыш жоғары оқу орны. Университет өзінің ғасырға жуық тарихында мыңдаған мұғалімдер мен ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлап, Қазақстанның зияткерлік әлеуетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарып келеді. Білім ордамыз бүгінде сапалы білім мен саналы тәрбиені ұштастырып, еліміздегі жоғары білім беру жүйесінің көшін бастаған «Ұстаздар ұстаханасына» айналды.
Білім • 17 Қыркүйек, 2024
Қазақстандағы эндаумент: Жоғары білім беру саласындағы баламалы жолдар
Қазақстанның білім беру жүйесі көп уақыттан бері даму үстінде. Бұл салада инновациялардың бір бөлігі жүзеге асқанымен кейбірі сәтсіз эксперименттерге айналды. Бұл даму мен өзін-өзі басқаруда толық апатияға алып келді, нәтижесінде – отандық оқу орындарының бәсекеге қабілетсіздігіне әкелді.
Заң • 16 Тамыз, 2024
Эндаумент-қорлар туралы заң: мәжбүрлі қажеттілік пе әлде жаңа жол ма?
Бюджетке қысым көрсетілуі білім беру, медицина және мәдениет сияқты салаларға мемлекеттік субсидиялардың азаюына әкеледі. Алайда Қазақстан билігі шығындарды қайта қарастыруды және білім беру бағдарламалары, әлеуметтік жобалар мен ғылыми зерттеулер үшін тұрақты қаржыландырудың жаңа көздерін табуды ниеттеніп отыр. Парламенттің қарауына мақсатты капитал қорлары (эндаумент-қорлар) туралы заң жобасы ұсынылды. Құжат жеке инвестицияларды жинақтау мен осындай ұйымдардың жұмыс механизміне қатысты егжей-тегжейлі сипаттама береді.