фитосанитариялық қызмет
Қазақстан • 09 Маусым, 2025
Үш елдің фитосанитариялық қызметтері күш біріктіреді
Еуропалық және Жерорта теңізі өсімдіктерді қорғау және карантин ұйымының (ЕРРО) жұмыс тобының 55-отырысы аясында Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Сакен Қаныбеков Өзбекстан мен Қырғызстанның фитосанитариялық қызметтері басшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz сала министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.