түйе
Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2025
Маңғыстауда ауыл шаруашылығы өнімдерінен 38 миллиард теңге табыс түскен
Биыл Маңғыстау облысында ауыл шаруашылығы саласында 38 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Мал шаруашылығы бойынша өнім шығару көлемі 22,4%-ға артқан. Бұл туралы облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 13 Қараша, 2025
Маңғыстауда түйе сүтін өндіретін жаңа цех іске қосылды
Аталған өңірде «Қарағантүбек» серіктестігі жалпы құны – 600 млн теңгені құрайтын, түйе сүтін сауып әрі өңдейтін жаңа цехты іске қосып отыр. Кәсіпорынның өндірістік қуаты тәулігіне 400 тонна түйе сүтін өңдеуге мүмкіндік береді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 29 Қазан, 2025
Атырау облысында баланы түйе таптап кеткен
Көпқабатты үй ауласында ойнап жүрген баланы түйе таптап, зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Рекорд • 20 Қыркүйек, 2025
Әлемдегі ең үлкен түйе керуені Алматы облысында өтті
Алматы облысы Іле ауданының Күрті ауылдық округінде ел тарихына алтын әріптермен жазылатын тарихи оқиға орын алды. Ұлттық рухты жаңғырту, көшпелі мәдениетті дәріптеу, сондай-ақ туризм мен кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ұйымдастырылған «Әлемдегі ең үлкен түйе керуені – 2025» атты ауқымды мәдени шара әлемдік деңгейде рекорд орнатты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Шілде, 2025
Атырау облысында түйелер белгісіз індеттен қырылып жатыр
Атырау облысында түйелер белгісіз індеттен қырылып жатыр. Маусым айынан бері Құрманғазы ауданында 200-ден астам қос өркешті жануар ауырып, 84-і өлген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Шілде, 2024
Қарақұрт шаққан: Атырау облысында қырылған түйе саны 63-ке жетті
Атырау облысында қарақұрт шаққаннан қырылған малдың саны артты, деп хабарлайды Egemen.kz orda.kz-ке сілтеме жасап.
Спорт • 26 Ақпан, 2024
Қазақ күресінен түйе балуандар анықталды
Ақтөбе қаласында төл спортымыз – қазақ күресінен 2004-2006 жылғы жастар (ұлдар мен қыздар) арасында Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Турнирдің соңында түйе балуандар атағы сарапқа салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 07 Қараша, 2023
Қазақ қызы тұңғыш рет түйе үстінде жамбы атып, рекорд орнатты (видео)
Осыдан бір ай бұрын Алматы қаласында Топжарған этно-мәдени орталығы ұйымдастырған қайырымдылық іс-шарасында Қазақстанда тұңғыш рет түйе үстінде отырып жамбы атып, рекорд орнатқан Аружан Миравилдаеваның жетекшісі Ғабит Таңатовпен тілдесіп, пікірін білген едік.
Спорт • 02 Тамыз, 2023
Халықаралық турнирде үш балуанымыз жеңіске жетті
Абай облысы Ақсуат ауданында қазақ күресінен өтіп жатқан «Тұғыры биік Тарбағатай» деп аталатын Ырғызбай Досханаұлы атындағы 10-шы халықаралық турнирінде үш қазақстандық спортшы чемпион атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Сәуір, 2023
«Түйе палуан» жеңімпазына Ұмра қажылығына жолдама тарту етілді
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде ораза айт мейрамына орай жамағат арасында «Түйе палуан» сайысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Наурыз, 2023
«Қажымұқанның інісі». Түйе көтерген палуан
Әлеуметтік желіде түйені мойнына салып, көтеріп алған жігіттің видеосы тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 17 Наурыз, 2023
Түйелер жарысында 21 миллион долларға бәс тігілді
Сауд Арабиясының солтүстік-батысындағы әл-Ула шөлінде түйелер жарысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Желтоқсан, 2022
Қызылорда облысында жол апатынан бір адам көз жұмды
16 желтоқсан күні Қызылорда-Жалағаш тасжолының Сырдария ауданы аумағында «Мазда-626» автокөлігі түйені қағып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Сәуір, 2022
Маңғыстауда құмға батқан түйе құтқарылды
Маңғыстау облысында түйе құмды сораңға батып кете жаздады. Өркешті жануар орнынан қозғала алмай қалған, деп жазады Egemen.kz Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 15 Маусым, 2021
Маңғыстаулық фермерлер түйелерге шөп орнына қағаз беруге мәжбүр
Маңғыстау облысында құрғақшылықтың салдарынан фермерлер малға азық ретінде картон беруге мәжбүр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 21 Сәуір, 2021
Каспий теңізінен 20 шақты түйенің өлексесі табылды
Каспий теңізі жағалауынан (Түпқараған ауданына қарасты «Көсе» деген жер, ел ішінде «Досхана қорасы» аталып кеткен жер) 20-ға жуық түйенің өлексесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 06 Маусым, 2020
Түйе сүті Қытайға экспортталды
Saumal және Saubota брендтерімен танымал «Евразия Инвест ЛТД» компаниясы өз өнімдерін Қытайдың Ганьсу провинциясының Ланчжоу қаласына экспорттауға кірісті. Бұл туралы компанияның бас директоры Қадырбек Мейрамбеков мәлімдеп, бүгінгі таңда 3,5 тоннадан асатын Saubota түйе сүтінің алғашқы партиясы жөнелтілгенін жеткізді.