таңдалған кітап
Әдебиет • 28 Қаңтар, 2026
«Бір ел – бір кітап» акциясы: Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» кітабы таңдалды
Бүгін Ұлттық академиялық кітапханада дәстүрлі «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының қорытындысы өтті. Акция аясында 2026 жылы оқитын кітап ретінде көрнекті қаламгер Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» кітабы таңдалып, 2026 жылы бүкіл ел осы туындыны бірге оқитын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.