тауар өндірушілер
Үкімет • 28 Қаңтар, 2026
Мемлекеттік сатып алу: Реформа бюрократиялық кедергілерді жоя алды ма?
Президент мемлекеттік сатып алу жүйесін жаңғырту міндетін қойды және 2025 жылғы қаңтардан бастап күшіне енген «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң қабылданды. Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл қабылданған шаралар нарық қатысушылары үшін де, жалпы жүйе үшін де айтарлықтай нәтиже көрсете бастағанын айтты. Заң тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілер үшін ашық әрі бәсекеге қабілетті жағдай қалыптастыруға мүмкіндік беріп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 04 Қыркүйек, 2025
Қазақстанда 6,5 млн тонна астық бастырылды
Бүгінде ел аумағында егін жинау науқаны қарқынды жүргізіліп жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, қазір 4,6 млн гектар аумақтан 6,5 млн тонна астық орылған, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 03 Шілде, 2025
Отандық өндірушілерге ұлттық режим беріледі
Биыл 1 шілдеде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының отырысында мемлекеттік сатып алулар мақсатында тауарлардың шыққан елін анықтау қағидаларына 11-қосымшасын алты жаңа тауар позициясымен – медициналық және химиялық бұйымдармен толықтыру туралы шешім мақұлданды. Бұл шешім – Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) тауарлары ретінде танылатын өнімдер тізбесін кеңейтуге және тиісінше, Одақтың барлық мүше мемлекеттерінің аумағында мемлекеттік сатып алуларға қатысу кезінде оларға ұлттық режим беру мақсатында қабылданды. Бұл тауарлар шыққан елін растайтын СТ-1 сертификаты болған жағдайда ЕАЭО елдерінің мемлекеттік сатып алуларына қатыса алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 23 Қараша, 2021
Салық дискриминациясы отандық өндірушілердің мүмкіндігін шектеуде – Энергетика министрі
Шетелдік және отандық өндірушілер арасында қалыптасқан салық дискриминациясы жергілікті тауар өндірушілердің ірі жобаларға қатысу мүмкіндігін шектеп отыр. ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Үкімет отырысында осындай мәселе көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.