су саласын трансформациялау
Қазақстан • 21 Тамыз, 2025
Қазақстанда су саласын трансформациялаудың негізі қаланды - халықаралық сарапшы
Орталық Азияның Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының ғылыми-зерттеу орталығы директоры Динара Зиганшина Қазақстандағы су шаруашылығы саласын трансформациялау бағытындағы Су ресурстары және ирригация министрлігінің жұмысын жоғары бағалады. Сарапшының пікірінше, ведомство болашақта саланың дамуына негіз болатын маңызды жүйелі өзгерістердің іргетасын қалады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің мәліметіне сілтеме жасап.