су мамандықтары
Қоғам • 15 Шілде, 2025
Су мамандықтарына түсетін студенттер үшін грант саны көбейді
Мемлекет басшысы су шаруашылығы саласын жаңа, білікті кадрлармен қамтамасыз ету жөнінде нақты міндет қойғаны мәлім. Гранттар санының артуы – осы бағыттағы маңызды қадам. Бір жыл бұрын жоғары оқу орындарында су шаруашылығы мамандықтарына 618 грант бөлінсе, 2025-2026 оқу жылына гидрогеология және гидрология сияқты пәнаралық мамандықтарды есептемегенде барлығы 1052 грант бөлініп отыр, деп жазады Egemen.kz.