сурдофутзал
Спорт • 03 Ақпан, 2026
Ақтөбеде сурдофутзалдан Қазақстан чемпионаты өтті
Ақтөбе қаласында жақында пайдалануға берілген «Қуат» спорт кешенінде есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында сурдофутзалдан ел чемпионаты өтті. Сайысқа еліміздің 15 өңірінен келген 200-ге жуық спортшы қатысты. Бір аптаға жуық созылған командалық кездесулерде Қарағанды облысының сурдо футболшылары чемпион атанса, Жетісу мен Қостанай облысының спортшылары күміс және қола медальдар иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.