сапалы білім
Университет • 12 Маусым, 2025
Сапалы білім – сенімді болашақтың кепілі
Бәсекеге қабілетті маман тәрбиелеу кез келген елдің күн тәртібінен түспейтін міндет. Өйткені дана халқымыз өткен ғасырдың өзінде-ақ: «Бір жылдығын ойлаған ел – егін егеді, жүз жылдығын ойлаған – ағаш отырғызады, ал мың жылдығын ойлаған – білімді ұрпақ тәрбиелейді», деп ұрпақ тәрбиесінің қаншалықты жауапты екенін айқындап берген. Ал бүгінгі біз өмір сүріп отырған ХХІ ғасыр – технологиялар ғасыры. Сонымен бірге адами капиталдың құндылығы артып, интеллектуалдық даму бірінші орынға шықты. «Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмелік», деп кешегі бабаларымыз өсиет еткендей бүгінгі қоғам білім мен ғылымның салтанат құрып, бәсекеге түскен уақыты. Мұндай заманда ұлттың өркендеуі ең алдымен білім беру жүйесінің сапасына тәуелді. Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин өз заманының өзекті мәселесіне айналған білім мен ғылым жолын: «Өнер-білім бар жұрттар…» деген жыр жолдарымен-ақ болашақтың бағдары етіп көрсеткен болатын. Бұл ойлар бүгінгі күн үшін де аса өзекті.
Білім • 20 Ақпан, 2022
Сапалы мамандармен қамтамасыз ету маңызды
Қазақстан Республикасында басқа да күнделікті өзекті мәселелермен қатар білім беру сапасына, соның ішінде жоғары білім беру сапасына көп көңіл бөлініп келеді. Президент Қ.К.Тоқаев 2022 жылдың 11 қаңтарындағы Парламент Мәжілісінің отырысындағы баяндамасында басты назарды еліміз үшін маңызды мәселелермен қатар білім беру мәселелеріне, соның ішінде, әсіресе сапалы жоғары білім алуды қолжетімді етуге аударды.
Білім • 19 Қараша, 2021
Аймағамбетов: Студенттер сапалы білім талап ете алады
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мемлекеттік білім грантын ұтып алған студенттің арнайы банктік шотына оқу ақысына қажетті қаржыны аудару не үшін қажеттігін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz. ]