рекордты көрсеткіш
Үкімет • 31 Шілде, 2025
Биыл 19,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі
Мемлекет басшысының қолжетімді баспанамен қамту жөнінде берген тапсырмаларын жүзеге асыру аясында биыл тұрғын үй құрылысы саласында рекордты көрсеткіш – 19,2 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Алғашқы алты айдың қорытындысы бойынша 7,9 млн шаршы метр пайдалануға берілгенін Үкіметте өткен баспасөз конференциясы барысында бірінші вице-премьер Роман Скляр хабарлады, деп жазады Egemen.kz.