мәселелер
Қоғам • 21 Қаңтар, 2026
Депутат: Жол саласы жүйелі мәселелерден әлі арыла алмай отыр
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Жанарбек Әшімжанов елдегі жол жүйесі туралы депуттаттық сауалын Премьер-министр Олжас Бектеновке жолдады. Депутат атап өткендей, елдегі жол жүйесі үздіксіз әрі сапалы болса ғана экономика дамып, өңірлердің өзара байланысы нығайып, азаматтардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қаңтар, 2026
Депутат: Стратегиялық маңызы бар энергетикалық жобалар іс жүзінде жүзеге аспаған
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин коммуналдық және энергетикалық салалар туралы депутаттық сауалын Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Р.Склярға жолдады. Депутат өз сөзінде, Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы коммуналдық және энергетикалық салалардың қазіргі жай-күйіне өте нақты баға бергенін тілге тиек етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2025
Елімізде креативті индустрияны қолдау күшейеді
Мәжіліс креативті индустрияларды қолдау және дамыту мәселелері туралы заңды екінші оқылымда қабылдады. Депутаттар бастамашы болған заңда креативті индустрия қызметкерлерінің құқын қорғау нормалары қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2025
Кейінгі жылдары псевдоғалымдар, балгерлер, нумерологтар, астрологтар т.б. қаптап, оларға адамдардың алдануы қоғамдық сипат алып отыр. Дереккөздерге сүйенсек, 2024 жылы ел тұрғындары эзотерикаға 3 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсаған. Халық алданып, неге мәселелер болып жатыр? Жалпылама тарқатып көрейік...
Қоғам • 17 Желтоқсан, 2025
Депутат: «Такси жүргізушісі» ұғымын заңнамалық тұрғыда бекіткен жөн
AMANAT» партиясы фракциясының Мәжілістегі жетекшісі Елнұр Бейсенбаев бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттық сауалын Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевқа жолдады. Депутат такси жүргізушілері туралы мәселелерді көтерді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2025
Депутат: Шетелден қаражат алушылардан ашықтық талап етілуі қажет
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Магеррам Магеррамов өз сауалын Премьер-министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жолдады. Депутат шетелдерден қаражат алушыларға (2025 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша тізілім Мемлекеттік кірістер комитеті сайтында жуырда жарияланған) қатысты мәселені көтерді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2025
Депутат: Өзгелерді кемсітіп сөйлейтін блогерлерге қылмыстық жаза қолдану керек
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ерлан Әбдиев мүгедектігі бар адамдарға қатысты мәселелерді көтеріп, депутаттық сауалын Премьер-Министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қараша, 2025
Депутаттар қандастарға грант беру мерзімін 5 жылға созуды ұсынды
Елімізде көшіп келген қандастар мен көшіп келушілер үшін грант беру мерзімін кемінде 5 жыл тұру шартымен 5 жылға созу, сондай-ақ солтүстік-Шығыс аймақтарына көшіп келген күндізгі бөлімде оқитын отбасы бар студенттерге «шартты жұмыссыз» мәртебесін беру мәселесі қарастырылуы мүмкін. Мұндай ұсынысты «Аманат» партиясының депутаттары Үкімет басшысының атына жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Қараша, 2025
Цифрлық кодекс туралы заң жобасы қоғамдағы қандай түйткілді жояды?
Цифрлық кодексінің жобасы жөнінде Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Әбутәліп Мүтәлі бүгін Мәжілістің жалпы отырысындағы сөйлеген сөзінде, бұл құжат – еліміздегі цифрлық саланың ұзақ мерзімді дамуын айқындайтын және тиімді әрі ашық цифрлық ортаны қалыптастыратын басты құжат екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 31 Шілде, 2025
Су жеткізу мәселелері бойынша екі елмен келіссөздер жүргізілді
Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша орынбасары Қанат Бозымбаев 28 шілдеде Қырғыз Республикасына жұмыс сапарымен барып, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Касымалиевпен және жауапты ведомство басшыларымен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 11 Шілде, 2025
Жазғы лагерьдің жауапкершілігі жоғары
Жаз мезгілі – балалар үшін асыға күтетін демалыс кезеңі. Мектептің соңғы қоңырауы соғылған сәттен бастап олардың көбі ауылға ата-әжесінің қолына барады, кейбірі қосымша табыс табуға тырысады, ал біразы жазғы лагерьлерде демалуды жөн көреді. Бірақ бұл кезең ата-аналар үшін демалыс емес. Керісінше, баласының қауіпсіздігі мен пайдалы тынығуы үшін алаңдайтын, жауапкершілігі күшейетін уақыт. Осы орайда еліміздегі балалар лагерьлерінің жай-жапсары, қолжетімділігі және сапасы қоғам назарындағы маңызды мәселенің бірі болып отыр.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 25 Маусым, 2025
Депутат: жұмысшылардың мәртебесін сөзбен емес, іспен көтеру керек
Мәжіліс депутаты Таңсәуле Серіков өзінің депутаттық сауалын Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаевқа жолдады. Ол қарапайым еңбек адамдарының мәртебесі мен жағдайы туралы мәселелерді қозғады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 26 Мамыр, 2025
Азаматтықтан бас тартатындар азайып келеді - Ерлан Қарин
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалық етуімен ҚР Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында Қазақстан азаматтығына қабылдау және одан шығару мәселелері қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 21 Мамыр, 2025
Өндіріс – бір жақта, білім – бір жақта: Тарифтік анықтамалық неге жаңармай келеді?
Жуырда Мәжіліс қабырғасында еліміздегі жұмысшы мамандықтарына арналған Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалықтың (БТБА) осы күнге дейін жаңартылмағаны туралы өткір мәселе көтерілді. Бұл құжаттың соңғы рет қайта қаралғанына 35 жыл болған. Содан бері өндірістік процестер, еңбек нарығы мен технологиялық жүйелер түбегейлі өзгерді, ал жұмысшыларды даярлау жүйесі сол ескі талаптармен жұмыс істеп отыр. Бүгінгі таңда көптеген мамандықтар цифрландырылып, автоматтандырылған. Жаңа өндірістік стандарттар, еңбек құралдары, технологиялық талаптар енгізілді. Бірақ білім беру жүйесі мен өндіріс арасындағы байланыстың әлсіздігі, сондай-ақ ескі тарифтік негіз кәсіби дайындықтың сапасына кері әсер етіп отыр. Бұл мәселе тек техникалық кадрлар дайындауға ғана емес, еңбек нарығының тиімділігіне, жалақыны әділ бағалауға, жұмыс сапасына тікелей әсер етеді. Мұндай жағдайда негізгі сұрақ туындайды: Ескі жүйеден арылып, кәсіби білім мен өндіріс арасындағы алшақтықты қалай жоямыз? Кәсіптік стандарттар заман талабына сай ма? Жұмысшы мәртебесін арттыру үшін қандай нақты шаралар керек? Осы және өзге де маңызды мәселелер төңірегінде Мәжіліс депутаты, «Amanat» партиясы фракциясының мүшесі Мұқаш Ескендіровке бірнеше сауал жолдаған едік.
Спорт • 26 Наурыз, 2025
Спорт саласында жаңа іріктеу жүйесі заңмен бекітіледі
Туризм және спорт министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 12 Наурыз, 2025
Депутат жайылымдық жерлердің тапшылығына тоқталды
Мәжілісмен Асхат Рақымжанов өзінің депутаттық сауалында жайылымдық жерлердің жетіспеушілігіне қатысты мәселелерді қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 28 Ақпан, 2025
Қанат Шарлапаев жаңа қызметке тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Ақпан, 2025
Депутат кеніштердегі қауіпсіздікке көңіл бөлуді ұсынды
Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» корпорациясының кенішінде болған қайғылы оқиға бүкіл елді дүрліктіргені мәлім. Осы орайда Мәжіліс депутаттары атынан Арман Қалықов өзінің депутаттық сауалын Премьер-министр Олжас Бектеновке жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Ақпан, 2025
«Ауыл аманатын» қаржыландыру тетігі қарын аштырады - депутат
Мәжіліс депутатты Мақсат Толықбай «Amanat» партиясы қолға алған «Ауыл аманаты» бағдарламасының орындалуына байланысты айтылып жатқан сын аз еместігін айтып, Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 12 Ақпан, 2025
Шағын өндірушілердің шешілмеген мәселесі көп - Саурықов
Депутат Е.Саурықов ауылдық жерлердегі шағын және орта бизнес тауар өндірушілерін субсидиялау және қолдау мәселелеріне арналған сауалын Премьер-Министрдің орынбасары-ұлттық экономика министрі С.Жұманғаринге жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2025
Мүгедек жандар үшін өте қолайсыз жайттар бар - депутат
Осы тұрғыда Мәжіліс депутаты Таңсәуле Серіков өзінің депутаттық сауалын Үкімет басшысына жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 20 Желтоқсан, 2024
Ауылдық жерлердегі әйелдердің экономикалық белсенділігі әлі де төмен - Сенат төрағасы
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен Палата жанындағы Сарапшылар клубының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Желтоқсан, 2024
Депутат: Қант диабетіне шалдыққандардың 50%-ы анықталмаған
Сенатор Жанна Асанова өзінің депутаттық сауалында қант диабетімен күресу үшін алдын алу және емдеу шараларын күшейтудің маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 27 Қараша, 2024
Елорда төрінде орналасқан Ұлттық архивте Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Архив-2025: нәтижелер мен мәселелер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Оқиға • 20 Қараша, 2024
Еліміздің азаматтығынан бас тартатындар саны азайып келеді - Ерлан Қарин
ҚР Президенті жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Оған Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин төрағалық етті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 19 Қараша, 2024
Жоғары оқу орындарын қаржыландыру мәселелері аз емес
Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің дамуы оның қаржыландыру көлеміне тікелей байланысты. Мемлекет 2029 жылға қарай жоғары білім беруге арналған қаржыландыру деңгейін ІЖӨ-нің 1 пайызына дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Егер осы уақытқа қарай ІЖӨ мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 450 миллиард долларды құраса, жоғары білім жүйесіне кемінде 2 триллион теңге бөлінеді. Дегенмен бұл болашақтың еншісіндегі жұмыс, ал қазіргі уақытта жоғары оқу орындарын қаржыландыру қалай жүріп жатыр?
Ғылым • 18 Қараша, 2024
ШҚО-да ғылымды дамытуға арналған көшпелі отырыс өтті
Шығыс Қазақстан облысында өңірлік ғылымның дамуы мәселелеріне арналған «Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір» тақырыбында көшпелі отырыс өтті. Басқосуда ғылымды дамыту бағытында бірқатар мәселелер көтеріліп, ұсыныстар айтылды.
Дін • 14 Қараша, 2024
Батыс Қазақстан облысында дін мәселелері бойынша семинарлар өтті
Дін мәселелері бойынша республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы (РАТТ) қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және діни экстремизмнің алдын алу бағытында Батыс Қазақстан облысында түрлі форматтағы іс-шаралар және семинарлар өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дін • 14 Қараша, 2024
СҚО-да дін мәселелері бойынша семинар-тренингтер өткізілді
«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары және тренингтер өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дін • 14 Қараша, 2024
Павлодар облысында дін мәселелері бойынша оқыту тренингтері ұйымдастырылды
«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы шеңберінде Павлодар облысында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары мен тренингтері іске асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.